Сайтқа кіру

Термодинамика: №3 есеп (контекстік)

Медеттің тәжірибесі Медет қыздыру ыдысына 2 кг мұзды алып, ұсақ бөліктерге бөліп, термометрі бар ыдысқа салып қыздырды. Біршама уақыт бақылау жүргізіп, термометр көрсеткішін уақытқа сәйкес график арқылы алды.cмұз = 2100 Дж/(кг·°C); cсу = 4200 Дж/(кг·°C); r = 2,3·10⁶ Дж/кг; λ = 3,4·10⁵ Дж/кг
Мұзды қыздыру және толығымен ерітуге жұмсалатын жылу мөлшері:

Мұзды қыздыру және толығымен ерітуге жұмсалатын жылу мөлшері:

  1. A84 кДж
  2. B764 кДж
  3. C840 кДж
  4. D76,4 кДж
Жауабы мен шешімі

Жауабы: B) 764 кДж

Берілгені: m = 2 кг; t = −20 °C-тан 0 °C-қа; c_мұз = 2100 Дж/(кг·°C); λ = 3,4·10⁵ Дж/кг
Табу керек: Q
Шешуі:
1) Қыздыру: Q₁ = c_мұз·m·Δt = 2100 · 2 · 20 = 84 000 Дж
2) Еріту: Q₂ = λm = 3,4·10⁵ · 2 = 680 000 Дж
3) Q = 84 + 680 = 764 кДж
Жауабы: 764 кДж