Сайтқа кіру

Термодинамика: №4 есеп (контекстік)

Медеттің тәжірибесі Медет қыздыру ыдысына 2 кг мұзды алып, ұсақ бөліктерге бөліп, термометрі бар ыдысқа салып қыздырды. Біршама уақыт бақылау жүргізіп, термометр көрсеткішін уақытқа сәйкес график арқылы алды.cмұз = 2100 Дж/(кг·°C); cсу = 4200 Дж/(кг·°C); r = 2,3·10⁶ Дж/кг; λ = 3,4·10⁵ Дж/кг
Графиктің DE бөлігінде өтетін процесс:

Графиктің DE бөлігінде өтетін процесс:

  1. Aсудың қайнауы
  2. Bсудың қызуы
  3. Cмұздың еруі
  4. Dбудың қызуы
Жауабы мен шешімі

Жауабы: A) судың қайнауы

Түсіндірме (графиктен):
DE бөлігінде температура 100 °C-та тұрақты – су қайнап, буға айналады. Агрегаттық күй өзгерген кезде берілген жылу температураны көтермейді.
Жауабы: судың қайнауы