Термодинамика: №2 есеп (контекстік)
Медеттің тәжірибесі Медет қыздыру ыдысына 2 кг мұзды алып, ұсақ бөліктерге бөліп, термометрі бар ыдысқа салып қыздырды. Біршама уақыт бақылау жүргізіп, термометр көрсеткішін уақытқа сәйкес график арқылы алды.cмұз = 2100 Дж/(кг·°C); cсу = 4200 Дж/(кг·°C); r = 2,3·10⁶ Дж/кг; λ = 3,4·10⁵ Дж/кг

Суды қыздыруға жұмсалған жылу мөлшері мұзды қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерінен:
- A10 есе артық
- B2,5 есе артық
- C4 есе артық
- D8 есе артық
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 10 есе артық
Берілгені: m = 2 кг; c_су = 4200 Дж/(кг·°C), Δt_су = 100 °C; c_мұз = 2100 Дж/(кг·°C), Δt_мұз = 20 °C
Табу керек: Q_су/Q_мұз
Шешуі:
Q_су = 4200 · 2 · 100 = 840 кДж; Q_мұз = 2100 · 2 · 20 = 84 кДж
Q_су/Q_мұз = 840/84 = 10
Жауабы: 10 есе артық