Сақталу заңдары: №4 есеп (контекстік)
Сақталу заңы Импульстің сақталу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер екі дене ғана болмай, бірнеше дене әсерлессе де, импульстің сақталу заңы кез келген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сақталу заңы көп жағдайда қолдануға болады. Ал энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады. Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әсерлесетін денелердің тұйық жүйесінде толық механикалық энергия өзгеріссіз қалады. Төменде берілген суретте A нүктесінде тұрған шардың массасы 500 г, жерден) орналасу биіктігі h = 80 см.(g = 10 м/с²)

Шардың A нүктесіндегі жылдамдығы:
- A0
- B2 м/с
- C4 м/с
- D1,5 м/с
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 0
Түсіндірме:
Суреттегі шар A нүктесінде науаның басында тұр – ол жоғарыдан қозғала бастайды (қозғалыс тыныштықтан басталады). Сондықтан A нүктесінде оның жылдамдығы нөлге тең, барлық энергиясы потенциалдық энергия.
Жауабы: 0