Сайтқа кіру

Сақталу заңдары: №3 есеп (контекстік)

Сақталу заңы Импульстің сақталу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер екі дене ғана болмай, бірнеше дене әсерлессе де, импульстің сақталу заңы кез келген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сақталу заңы көп жағдайда қолдануға болады. Ал энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады. Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әсерлесетін денелердің тұйық жүйесінде толық механикалық энергия өзгеріссіз қалады. Төменде берілген суретте A нүктесінде тұрған шардың массасы 500 г, жерден) орналасу биіктігі h = 80 см.(g = 10 м/с²)
Тұйық жүйе:

Тұйық жүйе:

  1. Aсыртқы күштер әсер еткен жағдайда денелердің өзара әсерлесу жүйесі
  2. Bегер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлері теңгерілетін жүйе
  3. Cсыртқы күштер әсер етіп, жүйедегі денелердің бір- бірімен ішкі күштер арқылы әсерлесуі
  4. Dсыртқы күштер әсер етпеген жағдайда жүйедегі денелердің бір-бірімен ішкі күштер арқылы әсерлесуі
Жауабы мен шешімі

Жауабы: D) сыртқы күштер әсер етпеген жағдайда жүйедегі денелердің бір-бірімен ішкі күштер арқылы әсерлесуі

Түсіндірме:
Тұйық жүйе – сыртқы күштер әсер етпейтін (немесе олардың әсері теңгерілген) жүйе. Мұндай жүйеде денелер бір-бірімен тек ішкі күштер арқылы әсерлеседі, сондықтан жүйенің толық импульсі сақталады.
Жауабы: сыртқы күштер әсер етпеген жағдайда жүйедегі денелердің бір-бірімен ішкі күштер арқылы әсерлесуі