Сайтқа кіру

Сақталу заңдары: №5 есеп (контекстік)

Сақталу заңы Импульстің сақталу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер екі дене ғана болмай, бірнеше дене әсерлессе де, импульстің сақталу заңы кез келген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сақталу заңы көп жағдайда қолдануға болады. Ал энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады. Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әсерлесетін денелердің тұйық жүйесінде толық механикалық энергия өзгеріссіз қалады. Төменде берілген суретте A нүктесінде тұрған шардың массасы 500 г, жерден) орналасу биіктігі h = 80 см.(g = 10 м/с²)
Шардың білеушеге соғылар сәтіндегі жылдамдығы:

Шардың білеушеге соғылар сәтіндегі жылдамдығы:

  1. A1,5 м/с
  2. B0
  3. C2 м/с
  4. D4 м/с
Жауабы мен шешімі

Жауабы: D) 4 м/с

Берілгені: h = 80 см = 0,8 м; υ_A = 0; g = 10 м/с²
Табу керек: υ_B
Шешуі:
Энергияның сақталу заңы: mgh = mυ²/2 ⇒ υ = √(2gh) = √(2 · 10 · 0,8) = √16 = 4 м/с
Жауабы: 4 м/с