Сайтқа кіру

Закирова Н.А., Аширов Р.Р. · Физика 10 (ЖМБ) · 1-бөлім. Механика. 1-тарау. Кинематика · 10-б.

§2. Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу

Өлшеу түрлері: тура — шама аспап шкаласынан тікелей оқылады; жанама — тура өлшенген шамалардан формула арқылы есептеледі. Кез келген өлшеу нәтижесі жуық; дәлдігі қателікпен сипатталады.

Өлшеу қателігі — шаманың өлшенген мәнінің нақты мәнінен ауытқуы. Себептері: аспап дәлдігінің шектелуі, қалыпты жағдайдан ауытқу, тәжірибе жасаушының әрекеті, заңдардың жуық сипаты, әдістің жетілмегендігі.

Бірнеше рет тура өлшеу:

$$A_{жуық} = \frac{A_1 + A_2 + \ldots + A_n}{n}, \qquad \Delta A_n = |A_{жуық} - A_n|, \qquad \Delta A = \frac{\Delta A_1 + \ldots + \Delta A_n}{n}$$

Шаманың ақиқат мәні ұзындығы $2\Delta A$ интервалда жатады. Салыстырмалы қателік өлшеу сапасын сипаттайды:

$$\varepsilon = \frac{\Delta A}{A_{жуық}}\cdot100\%$$

Салыстырмалы қателік 10%-тен көп болса, шаманы өлшеді емес, бағалады деп айтылады.

Аспаптық қателік: дәлдік класы $\gamma$ бойынша $\Delta_и = \dfrac{\text{өлшеу шегі}\cdot\gamma}{100}$. Санақ қателігі бөлік құнының жартысы: $\Delta_{сан} = c/2$. Көрсеткіш сызықшамен сәйкес келсе $\Delta = \Delta_и$, келмесе $\Delta = \Delta_и + \Delta_{сан}$.

Жанама өлшеу қателіктері:

ФункцияАбсолют қателікСалыстырмалы қателік
$f = x \pm y$$\Delta f = \Delta x + \Delta y$$\varepsilon_f = \dfrac{\Delta x + \Delta y}{x \pm y}$
$f = xy$$\Delta f = x\Delta y + y\Delta x$$\varepsilon_f = \varepsilon_x + \varepsilon_y$
$f = x/y$$\Delta f = \dfrac{x\Delta y + y\Delta x}{y^2}$$\varepsilon_f = \varepsilon_x + \varepsilon_y$
$f = x^n$$\Delta f = nx^{n-1}\Delta x$$\varepsilon_f = n\varepsilon_x$
$f = \sqrt[n]{x}$$\varepsilon_f = \dfrac{1}{n}\varepsilon_x$

Реті: тура өлшеулер → олардың қателіктері → $A_{жуық}$ есептеу → $\varepsilon$ кесте бойынша → $\Delta A = A_{жуық}\varepsilon$ → $A_{жуық} - \Delta A \le A \le A_{жуық} + \Delta A$.

Кестелік шамаларды өлшегенде: $\Delta A = |A_{жуық} - A_{кест}|$, $\varepsilon = \dfrac{|A_{жуық} - A_{кест}|}{A_{кест}}\cdot100\%$.

Графикте нүкте емес, қабырғалары $2\Delta A$ және $2\Delta B$ төртбұрыш аламыз; сызықты осы аудандар арқылы жүргіземіз.

Нәтижені жазу ережесі: қателік жоғары қарай бір мәнді цифрға дейін жуықталады ($0{,}0769 \to 0{,}08$), ал нәтиже сол разрядқа дейін ($0{,}928514 \to 0{,}92$): $A = 0{,}92 \pm 0{,}08$.