Сайтқа кіру

Закирова Н.А., Аширов Р.Р. · Физика 10 (ЖМБ) · 1-бөлім. Механика. 1-тарау. Кинематика · 6-б.

§1. Физиканың қазіргі замандағы рөлі

Физика — қоршаған орта туралы ең маңызды білім көзі. Табиғат құбылыстарын зерттеу физика заңдарының ашылуына, техника мен басқа ғылымдардың дамуына әкелді. Физика мен басқа ғылымдардың тоғысуынан жаңа бағыттар туды: химиялық физика, геофизика, агрофизика, биофизика, психофизика.