Тұрақты электр тогы: №7 есеп (бір жауапты)

Суретте көрсетілген тізбектің толық кедергісін (R) табыңыз, егер R₁ = R₂ = R₅ = R₆ = 3 Ом, R₄ = 24 Ом, R₃ = 20 Ом.
- A12 Ом
- B15 Ом
- C18 Ом
- D24 Ом
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) 18 Ом
Берілгені (суреттен): R₁ = R₂ = R₅ = R₆ = 3 Ом; R₃ = 20 Ом; R₄ = 24 Ом
Табу керек: R
Шешуі:
1) R₂, R₄, R₅ тізбектей: 3 + 24 + 3 = 30 Ом
2) Олар R₃-ке параллель: 30 · 20/50 = 12 Ом
3) R₁ мен R₆ тізбектей қосылады: R = 3 + 12 + 3 = 18 Ом
Жауабы: 18 Ом