Тұрақты электр тогы: №6 есеп (бір жауапты)

Суретте өткізгіштердің қосылу сызбасы көрсетілген. R1 = 3 Ом, R2 = 6 Ом, R3 = 4 Ом. Тізбектің жалпы кедергісін табыңыз.
- A4 Ом
- B5 Ом
- C6 Ом
- D7 Ом
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) 6 Ом
Берілгені (суреттен): R₁ = 3 Ом мен R₂ = 6 Ом параллель, оларға R₃ = 4 Ом тізбектей
Табу керек: R
Шешуі:
1) R₁₂ = 3 · 6/(3 + 6) = 2 Ом
2) R = 2 + 4 = 6 Ом
Жауабы: 6 Ом