Механикалық толқындар: №7 есеп (көп жауапты)
Дыбыстың судағы жылдамдығы ауадағы жылдамдығынан жуықтап 4 есе артық екені белгілі. Дыбыс ауада 1,4 км қашықтыққа 4 с уақытта жеткен болса, суда 4,2 км қашықтыққа қажет уақыт
- A2000 мс
- B3 с
- C9000 мс
- D2 с
- E0,05 мин
- F3000 мс
Жауабы мен шешімі
Жауабы: B) 3 с; E) 0,05 мин; F) 3000 мс
Берілгені: υ_су ≈ 4υ_ауа; ауада s₁ = 1,4 км, t₁ = 4 с; суда s₂ = 4,2 км
Табу керек: t₂
Шешуі:
1) υ_ауа = 1400/4 = 350 м/с
2) υ_су = 4 · 350 = 1400 м/с
3) t₂ = 4200/1400 = 3 с = 3000 мс = 0,05 мин
Жауабы: B) 3 с; E) 0,05 мин; F) 3000 мс