Сайтқа кіру

Механикалық толқындар: №6 есеп (көп жауапты)

Суда екі толқын көзінен шыққан жол айырымы 4 м, толқын ұзындығының жартысы 0,5 м, фазалар айырымы тұрақты, жиіліктері бірдей екі толқын қабаттасуы кезінде қорытқы тербеліс амплитудасы мен толқындық саны

  1. Ak = 4
  2. Bk = 2
  3. Ck = 5
  4. Dk = 3
  5. Eөзгермейді
  6. Fартады
Жауабы мен шешімі

Жауабы: A) k = 4; F) артады

Берілгені: Δd = 4 м; λ/2 = 0,5 м ⇒ λ = 1 м; толқындар когерентті
Табу керек: k және амплитуданың өзгерісі
Шешуі:
1) Жол айырымын толқын ұзындығымен салыстырамыз: Δd = kλ ⇒ k = 4/1 = 4 – бүтін сан
2) Жол айырымы бүтін санды толқын ұзындығына тең – максимум шарты: толқындар бірдей фазада келіп, қорытқы амплитуда артады (A = A₁ + A₂).
Ескерту: жарты толқындар санымен есептесек, 2k = 8 – жұп сан, бұл да максимум шарты.
Жауабы: A) k = 4; F) артады