Сайтқа кіру

Механикалық тербелістер: №2 есеп (көп жауапты)

Төмендегі суретте серіппеге ілінген дененің тербелісінің графигі көрсетілген. Дененің 2 кг масассы болса, серіппенің…

Төмендегі суретте серіппеге ілінген дененің тербелісінің графигі көрсетілген. Дененің 2 кг масассы болса, серіппенің қатаңдығы (π² ≈ 10)

  1. A≈1,85 Н/м
  2. B≈0,0125 Н/см
  3. C≈1250 мН/м
  4. D≈1850 мН/м
  5. E≈ 0,02 Н / см
  6. F≈1,25 Н/м
Жауабы мен шешімі

Жауабы: B) ≈0,0125 Н/см; C) ≈1250 мН/м; F) ≈1,25 Н/м

Берілгені: m = 2 кг; графиктен T = 8 с; π² ≈ 10
Табу керек: k
Шешуі:
1) T = 2π√(m/k) ⇒ T² = 4π²m/k ⇒ k = 4π²m/T²
2) k = 4 · 10 · 2/64 = 80/64 = 1,25 Н/м
3) Басқа бірліктерде: 1,25 Н/м = 1250 мН/м = 0,0125 Н/см (1 м = 100 см)
Жауабы: B) ≈0,0125 Н/см; C) ≈1250 мН/м; F) ≈1,25 Н/м