Механикалық тербелістер: №1 есеп (сәйкестендіру)

Суретте көрсетілгендей, ұзындығы 40 см болатын қарапайым маятник тепе- теңдік күйінің маңында кіші ауытқумен тербеледі. Маятник тербелісті A нүктесінен бастайды.g = 10 м/с², π = 3. Сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз.
- А) Маятниктің тербеліс периоды неге тең?
- В) Маятник тербелісті A нүктесінен бастаса, 6 секундтан кейін ол қай нүктеде болады?
- AB нүктесінде (тепе-теңдік күйі)
- BA нүктесінде
- C1,2 с
- D0,8 с
Жауабы мен шешімі
Жауабы: А) C (1,2 с); В) B (A нүктесінде)
Берілгені: l = 40 см = 0,4 м; g = 10 м/с²; π = 3; t = 6 с; басы A (шеткі нүкте)
Табу керек: А) T; В) 6 с-тан кейінгі орны
Шешуі:
1) T = 2π√(l/g) = 6 · √0,04 = 6 · 0,2 = 1,2 с
2) t/T = 6/1,2 = 5 – бүтін тербеліс саны ⇒ маятник қайтадан A нүктесінде
Жауабы: А) 1,2 с; В) A нүктесінде