Кинематика: №8 есеп (контекстік)
Орташа жылдамдық Суретте велосипедші A нүктесінен D нүктесіне дейін жол жүреді. Жолдың алғашқы жартысын 14 км-ін 1,5 сағатта, қалған 10 км-ін жолдың бірінші бөлігіндегі уақыттан 3 есе кем уақытта жүріп өтеді. Сонан соң жолдың қалған жартысын (t₃ = t₄) v₃ = 6 км/сағ жылдамдықпен және ақырында v₄ = 4 км/сағ жылдамдықпен жүрген.

Орташа жылдамдықтың ХБЖ-дағы өлшем бірлігі қандай?
- Aкм/сағ
- Bм/мин
- Cкм/с
- Dм/с
Жауабы мен шешімі
Жауабы: D) м/с
Түсіндірме:
Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ) ұзындық – метрмен, уақыт – секундпен өлшенеді. Сондықтан орташа жылдамдықтың бірлігі: [υ] = м/с.
км/сағ, м/мин – жүйеден тыс бірліктер.
Жауабы: м/с