Кинематика: №7 есеп (контекстік)
Орташа жылдамдық Суретте велосипедші A нүктесінен D нүктесіне дейін жол жүреді. Жолдың алғашқы жартысын 14 км-ін 1,5 сағатта, қалған 10 км-ін жолдың бірінші бөлігіндегі уақыттан 3 есе кем уақытта жүріп өтеді. Сонан соң жолдың қалған жартысын (t₃ = t₄) v₃ = 6 км/сағ жылдамдықпен және ақырында v₄ = 4 км/сағ жылдамдықпен жүрген.

Велосипедшінің A нүктесінен B нүктесіне дейін жүргендегі орташа жылдамдығы
- A9 км/сағ
- B15 км/сағ
- C14 км/сағ
- D12 км/сағ
Жауабы мен шешімі
Жауабы: D) 12 км/сағ
Берілгені: s₁ = 14 км, t₁ = 1,5 сағ; s₂ = 10 км, t₂ = 0,5 сағ
Табу керек: AB бөлігіндегі υ_орт
Шешуі:
υ_орт = (s₁ + s₂)/(t₁ + t₂) = (14 + 10)/(1,5 + 0,5) = 24/2 = 12 км/сағ
Жауабы: 12 км/сағ