Электромагниттік толқындар: №6 есеп (көп жауапты)
Астарларының арақашықтығы 1 см, ауданы 800 см² және өтімділігі 11-ге тең диэлектрлікпен толтырылған конденсатор мен индуктивтілігі 2 мГн катушкадан тұратын тербелмелі контурдағы толқын ұзындығы (с=3·10⁸ м/с, ε₀= 8,85·10⁻¹² Ф/м,)
- A2,35·10³м
- B2,35 км
- C3,6 м
- D3,21 км
- E3,21·10³м
- F2,6 м
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 2,35·10³м; B) 2,35 км
Берілгені: d = 1 см = 0,01 м; S = 800 см² = 0,08 м²; ε = 11; L = 2 мГн = 2·10⁻³ Гн
Табу керек: λ
Шешуі:
1) C = εε₀S/d = 11 · 8,85·10⁻¹² · 0,08/0,01 ≈ 7,8·10⁻¹⁰ Ф
2) LC = 2·10⁻³ · 7,8·10⁻¹⁰ = 1,56·10⁻¹² ⇒ √(LC) ≈ 1,25·10⁻⁶ с
3) λ = 2πc√(LC) = 6,28 · 3·10⁸ · 1,25·10⁻⁶ ≈ 2350 м = 2,35 км = 2,35·10³ м
Жауабы: A) 2,35·10³м; B) 2,35 км