Сайтқа кіру

Электромагниттік толқындар: №5 есеп (көп жауапты)

Бір пластинкасының ауданы 300 см², астарларының ара қашықтығы 1,2 см ауа конденсаторынан және индуктивтілігі 5 мГн катушкадан тұратын ашық тербелмелі контурдың шығаратын электромагниттік толқын ұзындығы (ε = 1, ε₀ = 8,85·10⁻¹² Ф/м, c = 3·10⁸ м/с)

  1. A≈0,626 км
  2. B≈626 м
  3. C≈0,354 км
  4. D≈354 м
  5. E≈543 м
  6. F≈453 м
Жауабы мен шешімі

Жауабы: A) ≈0,626 км; B) ≈626 м

Берілгені: S = 300 см² = 0,03 м²; d = 1,2 см = 0,012 м; L = 5 мГн = 5·10⁻³ Гн
Табу керек: λ
Шешуі:
1) C = ε₀S/d = 8,85·10⁻¹² · 0,03/0,012 ≈ 2,2·10⁻¹¹ Ф
2) λ = 2πc√(LC) = 1,884·10⁹ · √(5·10⁻³ · 2,2·10⁻¹¹) = 1,884·10⁹ · √(1,1·10⁻¹³) ≈ 1,884·10⁹ · 3,32·10⁻⁷ ≈ 626 м ≈ 0,626 км
Жауабы: A) ≈0,626 км; B) ≈626 м