Сайтқа кіру

Закирова Н.А., Аширов Р.Р. · Физика 10 (ЖМБ) · 1-бөлім. Механика. 1-тарау. Кинематика · 31-б.

§6. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Қозғалыстың тәуелсіздік принципі бойынша (ауа кедергісі ескерілмейді): $0x$ бойымен бірқалыпты, $0y$ бойымен **$g$ үдеумен теңайнымалы**.

Жылдамдық: $v_{0x} = v_0\cos\alpha$, $v_{0y} = v_0\sin\alpha$; $v_x = v_0\cos\alpha$ (тұрақты), $v_y = v_0\sin\alpha - gt$:

$$v = \sqrt{v_{0x}^2 + (v_{0y} - gt)^2}, \qquad v = \frac{v_0\cos\alpha}{\cos\beta}$$

($\beta$ — жылдамдықтың көкжиекпен жасайтын бұрышы). Ең жоғарғы нүктеде $v_A = v_0\cos\alpha$.

Қозғалыс заңдары:

$$x(t) = (v_0\cos\alpha)t, \qquad y(t) = (v_0\sin\alpha)t - \frac{gt^2}{2}$$

Траектория теңдеуі — тармақтары төмен бағытталған парабола:

$$y(x) = (\tan\alpha)x - \frac{g}{2v_0^2\cos^2\alpha}x^2$$

Сипаттамалары:

$$h = \frac{v_0^2\sin^2\alpha - v^2\sin^2\beta}{2g}, \qquad h_{max} = \frac{v_0^2\sin^2\alpha}{2g}$$
$$t_{көт} = t_{түсу} = \frac{v_0\sin\alpha}{g}, \qquad t_{ұшу} = \frac{2v_0\sin\alpha}{g}, \qquad l = \frac{v_0^2\sin 2\alpha}{g}$$

Көтерілу мен түсу уақыттары тек ауа кедергісі болмағанда тең.

xyv₀v₀cos αHLα
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясы — парабола

Траекторияның қисықтық радиусы $R = \dfrac{v^2}{a_{ц.т.}}$:

Горизонталь лақтыру ($\alpha = 0$; парабола төбесі лақтыру нүктесінде):

$$h = \frac{gt^2}{2}, \qquad l = v_0t, \qquad v = \sqrt{v_0^2 + g^2t^2}$$

Жылдамдық траекторияға жанама бойымен бағытталған.