Сайтқа кіру

«Мектеп» баспасы · Физика 10, 1-бөлім · 1-тарау. Кинематика · 38-б.

§5. Айналмалы қозғалыс

Айналмалы қозғалыс — дененің барлық нүктелері центрлері айналу осінде жатқан шеңберлер сызатын қозғалыс.

Дененің әр нүктесінің сызықтық жылдамдығы, үдеуі мен жолы әртүрлі, бірақ бұрылу бұрышы, бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеуі бәріне бірдей.

Сызықтық және бұрыштық шамалардың байланысы:

$$s = \varphi R, \qquad v = \omega R = \frac{2\pi R}{T}, \qquad a_\tau = \varepsilon R, \qquad a_n = \frac{v^2}{R} = \omega^2 R = \frac{4\pi^2 R}{T^2}$$
$$a = \sqrt{a_\tau^2 + a_n^2} = R\sqrt{\omega^4 + \varepsilon^2}$$

Бұрыштық жылдамдық — вектор, ол айналу осі бойымен бағытталады: оның ұшынан қарағанда айналу сағат тіліне қарсы көрінеді (оң бұранда ережесі). Бұрыштық үдеу векторы $\Delta\vec{\omega}$ бағытымен бағыттас.

ҰБТ кеңесі. Жер экваторындағы нүктелердің центрге тартқыш үдеуі: $a_n = \dfrac{4\pi^2 R}{T^2} = \dfrac{4\cdot 3{,}14^2\cdot 6{,}4\cdot10^6}{(24\cdot3600)^2} \approx 0{,}034$ м/с$^2$.