Сайтқа кіру

«Мектеп» баспасы · Физика 10, 1-бөлім · 1-тарау. Кинематика · 10-б.

§1. Кинематиканың негізгі ұғымдары

Кинематика — денелердің қозғалысын оны тудырған себептерді қарастырмай зерттейтін механика бөлімі: дене қалай қозғалады деген сұраққа жауап береді.

Механикалық қозғалыс — дененің (немесе оның бөліктерінің) уақыт өтуіне қарай санақ денесіне қатысты орнын өзгертуі.

Кинематиканың негізгі міндеті — дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау. Ол үшін санақ жүйесі керек: санақ денесі + координаталар жүйесі + уақыт есептейтін құрал (сағат).

бастапқысоңғытраектория (жол l)орын ауыстыру s
Жол — траектория ұзындығы, орын ауыстыру — вектор
Жиі қате. Шеңберді бір толық айналғанда жол $l = 2\pi R$, бірақ орын ауыстыру $s = 0$.

Үдеу — жылдамдық векторының өзгеру шапшаңдығы:

$$\vec{a} = \frac{\Delta\vec{v}}{\Delta t} = \frac{\vec{v} - \vec{v}_0}{\Delta t}, \qquad [a] = \text{м/с}^2$$

Толық үдеу екі перпендикуляр құраушыға жіктеледі:

$$\vec{a} = \vec{a}_\tau + \vec{a}_n, \qquad a = \sqrt{a_\tau^2 + a_n^2}$$

$a_\tau = 0$, $a_n = 0$ — бірқалыпты түзусызықты қозғалыс; $a_\tau \ne 0$, $a_n = 0$ — бірқалыпсыз түзусызықты қозғалыс.

Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдық, орын ауыстыру, траектория санақ жүйесіне тәуелді. Барлық механикалық процестер инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді — Галилейдің салыстырмалылық принципі. Үдеу, масса, күш, уақыт — инвариантты шамалар (бір жүйеден екіншісіне өткенде өзгермейді), ал жылдамдық, орын ауыстыру, траектория — салыстырмалы.

Жылдамдықтарды қосу заңы (Галилей): $\vec{v} = \vec{v}_1 + \vec{v}_2$, орын ауыстыру үшін $\Delta\vec{s} = \Delta\vec{s}_1 + \Delta\vec{s}_2$.

ҰБТ кеңесі. Кемемен 12 км/сағ жүзіп бара жатқан адам кеме бойымен қарсы бағытта 12 км/сағ жүрсе, жағаға қатысты тыныштықта тұрады; кеме бағытымен жүрсе — 24 км/сағ.