Тұрақты электр тогы: №4 есеп (бір жауапты)

Суреттегі схема бойынша өткізгіштер қосылған. R1 = 2 Ом, R2 = 3 Ом, R3 = 5 Ом. Тізбектің жалпы кедергісін анықтаңыз.
- A4 Ом
- B2,5 Ом
- C6 Ом
- D10 Ом
Жауабы мен шешімі
Жауабы: B) 2,5 Ом
Берілгені (суреттен): ток үшбұрыштың төменгі екі төбесі арқылы өтеді; R₁ = 2 Ом, R₂ = 3 Ом жоғарғы төбе арқылы, R₃ = 5 Ом төменгі қабырға
Табу керек: R
Шешуі:
R₁ мен R₂ тізбектей (5 Ом), олар R₃-ке параллель:
R = 5 · 5/(5 + 5) = 2,5 Ом
Жауабы: 2,5 Ом