Тұрақты электр тогы: №10 есеп (бір жауапты)

Суреттегі тізбек үшін жалпы кедергіні есептеңіз. R₁ = 6 Ом, R₂ = 3 Ом, R₃ = 5 Ом, R₄ = 24 Ом.
- A3 Ом
- B4 Ом
- C5 Ом
- D6 Ом
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 3 Ом
Берілгені (суреттен): R₁ = 6 Ом; R₂ = 3 Ом мен R₃ = 5 Ом тізбектей; R₄ = 24 Ом; үш тармақ параллель
Табу керек: R
Шешуі:
1) R₂₃ = 8 Ом
2) 1/R = 1/6 + 1/8 + 1/24 = (4 + 3 + 1)/24 = 1/3 ⇒ R = 3 Ом
Жауабы: 3 Ом