Термодинамика: №10 есеп (көп жауапты)

Сым темірден жасалған контурдың CD қабырғасы еркін, үйкеліссіз жылжи алады. Контурдың ABCD бөлігіне су қабаты керілген. CD қабырғасын оңға қарай 10 см ара қашықтыққа жылжытқанда 1,46 мДж жұмыс жасалса, AB қабырғасының ұзындығы (судың беттік керілу коэффициенті σ = 0,073 Н/м)
- A0,5 м
- B500 мм
- C300 мм
- D50 см
- E20 см
- F200 мм
Жауабы мен шешімі
Жауабы: E) 20 см; F) 200 мм
Берілгені: x = 10 см = 0,1 м; A = 1,46 мДж = 1,46·10⁻³ Дж; σ = 0,073 Н/м
Табу керек: AB ұзындығы l
Шешуі:
A = σ·l·x ⇒ l = A/(σx) = 1,46·10⁻³/(0,073 · 0,1) = 1,46·10⁻³/7,3·10⁻³ = 0,2 м = 20 см = 200 мм
Жауабы: E) 20 см; F) 200 мм