Сайтқа кіру

Сұйықтар мен газдар механикасы: №8 есеп (бір жауапты)

Тұтас металл шарлар суретте көрсетілгендей мензурканың ішіне салынған. Мензурка ішіндегі сұйық пен шар жасалған…

Тұтас металл шарлар суретте көрсетілгендей мензурканың ішіне салынған. Мензурка ішіндегі сұйық пен шар жасалған металдың тығыздығы

  1. A800 кг/м³; 7900 кг/м³
  2. B800 кг/м³; 2700 кг/м³
  3. C1000 кг/м³; 8900 кг/м³
  4. D1000 кг/м³; 7800 кг/м³
Жауабы мен шешімі

Жауабы: C) 1000 кг/м³; 8900 кг/м³

Берілгені (суреттен): бос мензурка 260 г; 40 см³ сұйықпен 300 г; шарлар салынғанда деңгей 70 см³, масса 567 г
Табу керек: ρ_сұйық және ρ_металл
Шешуі:
1) Сұйық: m = 300 − 260 = 40 г; V = 40 см³ ⇒ ρ = 1 г/см³ = 1000 кг/м³ (су)
2) Шарлар: m = 567 − 300 = 267 г; V = 70 − 40 = 30 см³ ⇒ ρ = 8,9 г/см³ = 8900 кг/м³ (мыс)
Жауабы: 1000 кг/м³; 8900 кг/м³