Сайтқа кіру

Статика: №7 есеп (көп жауапты)

Рычаг иіндері ℓ₁=60 см, ℓ₂=240 см. Осы рычагтың көмегімен массасы 240 кг тасты көтеру үшін үлкен иіндікке түсірілген күш ( g=10 м/с²)

  1. A400 Н
  2. B0,4 кН
  3. C600 Н
  4. D0,6·10³ Н
  5. E0,6 кН
  6. F0,2 кН
Жауабы мен шешімі

Жауабы: C) 600 Н; D) 0,6·10³ Н; E) 0,6 кН

Берілгені: ℓ₁ = 60 см; ℓ₂ = 240 см; m = 240 кг; g = 10 м/с²
Табу керек: үлкен иінге түсірілетін күш F₂
Шешуі:
1) Тастың салмағы: F₁ = mg = 2400 Н, ол қысқа иінге (60 см) түседі.
2) Моменттер ережесі: F₁ℓ₁ = F₂ℓ₂ ⇒ F₂ = 2400 · 60/240 = 600 Н
3) Басқа бірліктерде: 600 Н = 0,6 кН = 0,6·10³ Н
Ескерту: ұзын иін қысқасынан 4 есе ұзын, сондықтан күштен 4 есе ұтамыз.
Жауабы: C) 600 Н; D) 0,6·10³ Н; E) 0,6 кН