Сақталу заңдары: №1 есеп (контекстік)
Сақталу заңы Импульстің сақталу заңы табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер екі дене ғана болмай, бірнеше дене әсерлессе де, импульстің сақталу заңы кез келген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сақталу заңы көп жағдайда қолдануға болады. Ал энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады. Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әсерлесетін денелердің тұйық жүйесінде толық механикалық энергия өзгеріссіз қалады. Төменде берілген суретте A нүктесінде тұрған шардың массасы 500 г, жерден) орналасу биіктігі h = 80 см.(g = 10 м/с²)

Шар мен білеуше өзара бір- бірімен серпімсіз соқтығысады. Егер білеуше алюминийден жасалған және көлемі 400 см³ болса, денелердің соқтығысқаннан кейінгі қозғалыс жылдамдығы (ρₐₗ = 2700 кг/м³):
- A≈ 3,33 м/с
- B≈ 0,33 м/с
- C≈ 1,26 м/с
- D≈ 2,33 м/с
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) ≈ 1,26 м/с
Берілгені: m₁ = 0,5 кг; υ₁ = 4 м/с; V = 400 см³ = 4·10⁻⁴ м³; ρ_ал = 2700 кг/м³
Табу керек: соқтығыстан кейінгі υ
Шешуі:
1) Білеуше массасы: m₂ = ρV = 2700 · 4·10⁻⁴ = 1,08 кг
2) Серпімсіз соқтығыс, импульстің сақталуы: m₁υ₁ = (m₁ + m₂)υ
3) υ = 0,5 · 4/(0,5 + 1,08) = 2/1,58 ≈ 1,26 м/с
Жауабы: ≈ 1,26 м/с