Сайтқа кіру

Механикалық толқындар: №10 есеп (көп жауапты)

Эхолот көмегімен су астындағы 3 км қашықтықтағы обьектіге жіберілген сигнал 4 с-та қайтып келсе, жіберілген толқын жылдамдығы және эхолот қолданатын толқын түрі

  1. A4500 м/с
  2. B3000 м/с
  3. C1500 м/с
  4. D6000 м/с
  5. Eэлектромагниттік
  6. Fультрадыбыс
Жауабы мен шешімі

Жауабы: C) 1500 м/с; F) ультрадыбыс

Берілгені: d = 3 км = 3000 м; t = 4 с
Табу керек: υ және толқын түрі
Шешуі:
1) Сигнал объектіге барып қайтады: υ = 2d/t = 6000/4 = 1500 м/с – бұл дыбыстың судағы жылдамдығы
2) Эхолот су астында ультрадыбыс толқындарын пайдаланады: олар судан жақсы өтеді, тар шоқ түзеді.
Электромагниттік толқындар суда тез жұтылады, жылдамдығы да басқа.
Жауабы: C) 1500 м/с; F) ультрадыбыс