Механикалық тербелістер: №9 есеп (контекстік)
Математикалық маятниктің жібі 40 см. Амплитудасы 28 см.

Маятник шеткі нүктеден тербеле бастайды. Маятниктің ығысуы (x) тербеліс амплитудасының (xₘ) жартысына тең болатын ең аз уақыт (T – тербеліс периоды)
- AT/2
- BT/4
- CT/6
- DT/3
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) T/6
Берілгені: x(0) = xₘ (шеткі нүкте); x = xₘ/2
Табу керек: ең аз уақыт t
Шешуі:
x = xₘcos(2πt/T) ⇒ cos(2πt/T) = 1/2 ⇒ 2πt/T = π/3
t = T/6
Жауабы: T/6