Сайтқа кіру

Кванттық физика: №1 есеп (контекстік)

Фотоэффект құбылысы 1887 жылы неміс физиг Генрих Герц элект ұшқындары пайда болатын вибратор саңылауын ультракүлгін сәулелерін түсіргенде электр ұшқындары артып, электр разрядының күшейетіндігін байқаған. Одан кейін ғалымдар мырыш пластинкасына ультракүлгін сәуле түсіргенде, одан тері зарядтар ұшып шығып мырыштың оң зарядталатындығын анықтаған Осы тәжірибелер метал пластинкаға жарық түскенде одан электрондар ұшып шығатындығын көрсетеді (1 сурет). Осындай жарықтың әсерінен металл пластинкадан электрондардың ұшып шығу құбылысын фотоэффект құбылысы деп атаған. Бұл фотоэффект құбылысын тереңірек зерттеген орыс физигі Столетов болды. Столетов бұл құбылысты арнайы қондырғы көмегімен (2- сурет) тәжірибе арқылы зерттеген. Электрондардың (A, K) арасындағы электр өрісінің әсерінен катодтан бөлінген электрондар анодқа жетеді. Сөйтіп тізбекте ток пайда болады. Осы токты анодтық немесе фототок деп атайды. Катодты толқын ұзындықтары әр түрлі жарық сәулелерімен і сәулелендірудің нәтижесінде р Столетов өз заңдылықтарын қорытындылады. Жарық а сәулесінің әсерінен катод бетінен ұшып шыққан электрондардың белгілі бір кинетикалық энергиясы болады. Катодқа әсер етуші жарықтың спектр құрамы және оның ағынының қуаты тұрақты с болса, фототок күші, потенциалдар айырымына тәуелді болады.. л Кез келген заттың өзі де, фотоэффект құбылысын қоздыра алатын жарық жиілігін - фотоэффекттің қызыл шекарасы деп атайды. Фотоэффект құбылысы үшін Эйнштейн теңдеуін қолданамыз.
Металды толқын ұзындығы 300 нм жарықпен жарықтандырған. Осы металл үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы 4,3·10¹⁴ Гц болса,…

Металды толқын ұзындығы 300 нм жарықпен жарықтандырған. Осы металл үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы 4,3·10¹⁴ Гц болса, ұшып шыққан фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы (h = 6,63·10⁻³⁴ Дж·с; m = 9,1·10⁻³¹ кг; c = 3·10⁸ м/с):

  1. A0,067 Мм/с
  2. B0,76 Мм/с
  3. C0,98 Мм/с
  4. D0,91 Мм/с
Жауабы мен шешімі

Жауабы: D) 0,91 Мм/с

Берілгені: λ = 300 нм; ν₀ = 4,3·10¹⁴ Гц; h = 6,63·10⁻³⁴ Дж·с; m = 9,1·10⁻³¹ кг; c = 3·10⁸ м/с
Табу керек: υ_max
Шешуі:
1) hc/λ = 6,63·10⁻¹⁹ Дж; A = hν₀ ≈ 2,85·10⁻¹⁹ Дж
2) Eₖ = 6,63·10⁻¹⁹ − 2,85·10⁻¹⁹ = 3,78·10⁻¹⁹ Дж
3) υ = √(2Eₖ/m) = √(8,3·10¹¹) ≈ 9,1·10⁵ м/с = 0,91 Мм/с
Жауабы: 0,91 Мм/с