Сайтқа кіру

Кинематика: №3 есеп (контекстік)

Көкжиекке бұрыш жасап лақтырылған дене қозғалысы Оқушы физика сабағында «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы» тақырыбында компьютерлік бағдарлама арқылы виртуалды зертханалық жұмыс жасады. Оқушы бағдарлама мәзірін шолу барысында дене қозғалысын зерттеу үшін үдеуі берілетін бастапқы жылдамдықтың шамасын 10 м/с пен 60 м/с аралығында, ал дене массасын 0,1 кг-нан 0,5 кг аралығында таңдай алатынына көз жеткізді. Бағдарлама мәзірінің тәжірибелік жері гравитациялық өрістегі (ауаның кедергі күші ескерілмей) қозғалысты таңдады. Оқушы бағдарламада берілген дене массасының ең үлкен мәнін, сондай-ақ денеге берілетін бастапқы жылдамды пен оның горизонтпен жасайтын бұрышының қандай да бір мәнін таңдап отырып тәжірибе жүргізді. Оқушы тәжірибе үстінде отырып дене жылдамдығының Ox және Oy осьтеріндегі құраушыларының уақытқа тәуелділік графигін суретте көрсетілгендей тұрғызды.
Тәжірибе кезіндегі дененің бастапқы жылдамдығының Ox осіндегі құраушысы:

Тәжірибе кезіндегі дененің бастапқы жылдамдығының Ox осіндегі құраушысы:

  1. A50 м/с
  2. B20 м/с
  3. C60 м/с
  4. D10 м/с
Жауабы мен шешімі

Жауабы: B) 20 м/с

Түсіндірме (графиктен):
υₓ(t) графигі – 20 м/с деңгейіндегі горизонталь түзу. Ауа кедергісі жоқ, горизонталь бағытта күш әсер етпейді, сондықтан υₓ тұрақты және бастапқы құраушыға тең.
Жауабы: 20 м/с