Кинематика: №10 есеп (контекстік)
Жер шарындағы ең мықты адам Марат Жыланбаев, 59 жас, Қазақстан азаматы. Бірінші және жалғыз атлет, Азия, Африка, Австралия, Америка шөл даласын жалғыз өзі жүгіріп өткен. Гиннес кітабына енгізілген 7 халықаралық рекорд орнатқан. Халықаралық деңгейдегі шебер тренер, марафонға дайындалудың өзінің жеке жүйесін құрған. Төменде марафоншының қозғалыс графигі көрсетілген.

Марафоншының 195 минут аралығындағы орташа жылдамдығы
- A≈ 4,4 м/с
- B≈ 2,8 м/с
- C≈ 3,6 м/с
- D≈ 5,2 м/с
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) ≈ 3,6 м/с
Берілгені (графиктен): 0–1 мин: 0 → 3,6 м/с; 1–194 мин: 3,6 м/с; 194–195 мин: 3,6 → 5,2 м/с
Табу керек: υ_орт
Шешуі:
1) s₁ = 3,6 · 60/2 = 108 м
2) s₂ = 3,6 · 193 · 60 = 41 688 м
3) s₃ = (3,6 + 5,2)/2 · 60 = 264 м
4) s = 42 060 м; t = 195 · 60 = 11 700 с
5) υ_орт = 42 060/11 700 ≈ 3,6 м/с
Жауабы: ≈ 3,6 м/с