Кинематика: №1 есеп (контекстік)
Көкжиекке бұрыш жасап лақтырылған дене қозғалысы Оқушы физика сабағында «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы» тақырыбында компьютерлік бағдарлама арқылы виртуалды зертханалық жұмыс жасады. Оқушы бағдарлама мәзірін шолу барысында дене қозғалысын зерттеу үшін үдеуі берілетін бастапқы жылдамдықтың шамасын 10 м/с пен 60 м/с аралығында, ал дене массасын 0,1 кг-нан 0,5 кг аралығында таңдай алатынына көз жеткізді. Бағдарлама мәзірінің тәжірибелік жері гравитациялық өрістегі (ауаның кедергі күші ескерілмей) қозғалысты таңдады. Оқушы бағдарламада берілген дене массасының ең үлкен мәнін, сондай-ақ денеге берілетін бастапқы жылдамды пен оның горизонтпен жасайтын бұрышының қандай да бір мәнін таңдап отырып тәжірибе жүргізді. Оқушы тәжірибе үстінде отырып дене жылдамдығының Ox және Oy осьтеріндегі құраушыларының уақытқа тәуелділік графигін суретте көрсетілгендей тұрғызды.

Дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясы осы нүктедегі дененің кинетикалық энергиясынан (g = 10 м/с²):
- A525 Дж-ға артық
- B625 Дж-ға артық
- C500 Дж-ға артық
- D400 Дж-ға артық
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 525 Дж-ға артық
Берілгені: m = 0,5 кг (ең үлкен масса); υₓ = 20 м/с; υ₀y = 50 м/с (графиктен); g = 10 м/с²
Табу керек: Eп − Eк ең жоғарғы нүктеде
Шешуі:
1) Ең жоғарғы биіктік: h = υ₀y²/(2g) = 2500/20 = 125 м ⇒ Eп = mgh = 0,5 · 10 · 125 = 625 Дж
2) Ең жоғарғы нүктеде тек υₓ қалады: Eк = mυₓ²/2 = 0,5 · 400/2 = 100 Дж
3) Eп − Eк = 625 − 100 = 525 Дж
Жауабы: 525 Дж-ға артық