Геометриялық оптика: №9 есеп (бір жауапты)

Аквариум түбіндегі балықтың су бетінен нақты тереңдігі 60 см. Бақылаушы су бетінен 30 см жоғарыда тұрып, балыққа нормаль бағытта қарайды. Судың сыну көрсеткіші nсу = 4/3, ауанікі nауа = 1. Бақылаушы балықты су бетінен қандай қашықтықта көреді?
- A30 см
- B40 см
- C45 см
- D60 см
Жауабы мен шешімі
Жауабы: C) 45 см
Берілгені (суреттен): H = 60 см (балықтың тереңдігі); n_су = 4/3; бақылаушы тік қарайды
Табу керек: балықтың көрінетін тереңдігі
Шешуі:
Тік бағытта қарағанда көрінетін тереңдік: h' = H/n = 60/(4/3) = 45 см
Жауабы: 45 см