Геометриялық оптика: №7 есеп (бір жауапты)

Сурет бойынша жерден жазық айнаға дейінгі қашықтық BE = 70 см болса, суретте бейнеленген адам бойының ұзындығы CD. Берілгендері: ctg40° ≈ 1,2; tg10° ≈ 0,18; tg40° ≈ 0,83.
- A≈ 1,9 м
- B≈ 1,5 м
- C≈ 14,5 дм
- D≈ 1,7 м
Жауабы мен шешімі
Жауабы: D) ≈ 1,7 м
Берілгені (суреттен): BE = 70 см (айнаның төменгі жиегі); B нүктесінде 3 және 4 сәулелер арасы 80°; A нүктесінде 1 және 2 сәулелер арасы 20°; ctg40° ≈ 1,2; tg40° ≈ 0,83; tg10° ≈ 0,18
Табу керек: адамның бойы CD
Шешуі:
1) B-де әр сәуле нормальмен 40° жасайды. Табанға баратын 4-сәуле: адамға дейінгі қашықтық x = BE·ctg40° = 70 · 1,2 = 84 см
2) Көз B-дан x·tg40° ≈ 70 см жоғары ⇒ көз биіктігі ≈ 140 см
3) A-да әр сәуле нормальмен 10° жасайды: төбе мен көз A-дан бірдей x·tg10° = 84 · 0,18 ≈ 15 см қашықтықта ⇒ A ≈ 155 см, төбе ≈ 170 см
Жауабы: ≈ 1,7 м