Геометриялық оптика: №3 есеп (көп жауапты)

Суретте AB жазық айнаға α=35° бұрышпен жарық сәулесі түседі. Айнаны φ=25°-қа бұрғаннан кейін, алғашқы түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш
- A60°
- B110°
- C120°-қа артады
- D25°-қа артады
- E120°
- F50°-қа артады
Жауабы мен шешімі
Жауабы: E) 120°; F) 50°-қа артады
Берілгені: α = 35°; айна φ = 25°-қа бұрылды
Табу керек: түскен және шағылған сәулелер арасындағы бұрыш
Шешуі:
1) Бастапқыда сәулелер арасы: 2α = 70°
2) Айна φ бұрышқа бұрылғанда шағылған сәуле 2φ = 50°-қа бұрылады (түсу бұрышы 35° + 25° = 60° болады)
3) Жаңа бұрыш: 2 · 60° = 120°, яғни 50°-қа артады
Жауабы: E) 120°; F) 50°-қа артады