Сайтқа кіру

Геометриялық оптика: №1 есеп (бір жауапты)

Жарық сәулесі жазық параллель шыны пластинаға 30° бұрышпен түседі және бастапқы сәулеге параллель болып шығады. Егер…

Жарық сәулесі жазық параллель шыны пластинаға 30° бұрышпен түседі және бастапқы сәулеге параллель болып шығады. Егер сәуленің сызықтық ығысуы l = 1,94 см болса, пластинаның қалыңдығын табыңыз.nшыны = 1,5; naуа = 1 arcsin(1/3) = 19,5°; cos19,5° = 0,94; sin10,5° = 0,18

  1. A10,13 см
  2. B8,65 см
  3. C4,52 см
  4. D17,19 см
Жауабы мен шешімі

Жауабы: A) 10,13 см

Берілгені: i = 30°; n = 1,5; l = 1,94 см; arcsin(1/3) = 19,5°; cos19,5° = 0,94; sin10,5° = 0,18
Табу керек: d
Шешуі:
1) Сыну заңы: sin r = sin i/n = 0,5/1,5 = 1/3 ⇒ r = 19,5°
2) Пластинадағы сәуле жолы: AC = d/cos r
3) Ығысу: l = AC·sin(i − r) = d·sin(i − r)/cos r
4) d = l·cos r/sin(i − r) = 1,94 · 0,94/0,18 ≈ 10,13 см
Жауабы: 10,13 см