Электростатика: №8 есеп (бір жауапты)

Зарядтары –8 нКл және 14 нКл екі бірдей металл шар бір- бірінен 10 см арақашықтықта орналасқан. Металл шарларды бір-бірімен түйістіріп, бастапқы орнына қайта қойған кездегі зарядтардың өзара әсерлесу күшін табыңыз. k = 9·10⁹ Н·м²/Кл²
- A81·10⁻¹¹ Н
- B81·10⁻⁷ Н
- C18·10⁻⁷ Н
- D1008·10⁻⁷ Н
Жауабы мен шешімі
Жауабы: B) 81·10⁻⁷ Н
Берілгені: q₁ = −8 нКл; q₂ = 14 нКл; r = 10 см = 0,1 м; k = 9·10⁹ Н·м²/Кл²
Табу керек: түйістіргеннен кейінгі F
Шешуі:
1) Бірдей шарлар түйіскенде заряд тең бөлінеді (заряд сақталу заңы):
q = (q₁ + q₂)/2 = (−8 + 14)/2 = 3 нКл
2) Кулон заңы: F = kq²/r² = 9·10⁹ · (3·10⁻⁹)²/0,01 = 8,1·10⁻⁶ Н = 81·10⁻⁷ Н
Жауабы: 81·10⁻⁷ Н