Сайтқа кіру

Электромагниттік толқындар: №10 есеп (көп жауапты)

Радиолокатордан алыстап бара жатқан объектіге жіберілген алғашқы сигналдың барып-қайту уақыты 0,16 мс. Ал 18 секундтан кейінгі жіберілген сигналдың барып-қайту уақыты 0,22 мс болса, объектінің соңғы қашықтығы және жылдамдығы (с=3·10⁸ м/с)

  1. A2000 м/с
  2. B78 км
  3. C24 км
  4. D33 км
  5. E1333 м/с
  6. F500 м/с
Жауабы мен шешімі

Жауабы: D) 33 км; F) 500 м/с

Берілгені: t₁ = 0,16 мс = 1,6·10⁻⁴ с; t₂ = 0,22 мс = 2,2·10⁻⁴ с; Δt = 18 с; c = 3·10⁸ м/с
Табу керек: соңғы қашықтық d₂ және жылдамдық υ
Шешуі:
1) Алғашқы қашықтық: d₁ = ct₁/2 = 3·10⁸ · 1,6·10⁻⁴/2 = 24 000 м = 24 км
2) Соңғы қашықтық: d₂ = ct₂/2 = 3·10⁸ · 2,2·10⁻⁴/2 = 33 000 м = 33 км
3) Жылдамдық: υ = (d₂ − d₁)/Δt = 9000/18 = 500 м/с
Жауабы: D) 33 км; F) 500 м/с