Сайтқа кіру

Динамика: №9 есеп (бір жауапты)

Массасы 5 кг денені көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай 80 Н күшпен тартатын болсақ, дененің үдеуі (үйкеліс…

Массасы 5 кг денені көлбеу жазықтық бойымен төмен қарай 80 Н күшпен тартатын болсақ, дененің үдеуі (үйкеліс коэффициенті μ = 0,6, sin30° = 1/2, cos30° = √3/2).

  1. A3,5 м/с²
  2. B0
  3. C13,4 м/с²
  4. D15,8 м/с²
Жауабы мен шешімі

Жауабы: D) 15,8 м/с²

Берілгені: m = 5 кг; F = 80 Н (көлбеулік бойымен төмен); α = 30°; μ = 0,6; g = 10 м/с²
Табу керек: a
Шешуі:
1) Төмен қарай: F + mg·sin30° = 80 + 25 = 105 Н
2) Үйкеліс (жоғары): F_үйк = μmg·cos30° = 0,6 · 50 · 0,866 ≈ 26 Н
3) a = (105 − 26)/5 ≈ 15,8 м/с²
Жауабы: 15,8 м/с²