Сайтқа кіру

Динамика: №1 есеп (контекстік)

Ерекше қарбыз. Жапондық селекционер Томоюки Оно куб тәрізді қарбыздың сортын шығарды. Жаңа сортты шығару кезінде ол ешқандай механикалық әрекет және химиялық дәрі-дәрмек пайдаланбағанын ашық айтады.
Куб тәрізді қарбыздың негізгі артықшылығы тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы. Қазіргі таңда куб тәрізді қарбызды өсіру үшін арнайы шыны ыдысқа салады. Шыны ыдыстың қабырғасы әдетте 20 см болады және қарбыздың тығыздығы судың тығыздығымен шамалас p_{қарбыз}= 10 ³кг/м³
Шыны ыдыста өскен қарбыздың көлемі

Шыны ыдыста өскен қарбыздың көлемі

  1. A0,08 м³
  2. B6 ‧ 10⁻²м³
  3. C8 ‧ 10⁻³ м³
  4. D0,6 м³
Жауабы мен шешімі

Жауабы: C) 8 ‧ 10⁻³ м³

Берілгені: куб қабырғасы a = 20 см = 0,2 м
Табу керек: V
Шешуі:
Қарбыз ыдыстың пішінін алады (куб): V = a³ = 0,2³ = 0,008 м³ = 8·10⁻³ м³
Жауабы: 8·10⁻³ м³