Арнайы салыстырмалылық теориясы: №9 есеп (бір жауапты)
Егіздер теориясы бойынша егіздің біреуі ғарышқа саяхатқа кеткен кезде, оның жасы 30 да, ал саяхаттан келгенде оның жердегі сыңарының жасы 34-те болса, саяхатшы егіздің сол кездегі жасы (ғарыш кемесі 0,6·с жылдамдықпен қозғалған болса) (мұндағы с-ваккумдегі жарық жылдамдығы 300000 км/с)
- A33,2
- B36
- C31,2
- D31
Жауабы мен шешімі
Жауабы: A) 33,2
Берілгені: кетерде жасы 30; оралғанда Жердегі егіз 34 жаста; υ = 0,6c
Табу керек: саяхатшының жасы
Идея: кемедегі (меншікті) уақыт Жердегі уақыттан аз өтеді: t₀ = t√(1 − υ²/c²).
Шешуі:
1) Жерде өткен уақыт: t = 34 − 30 = 4 жыл
2) Кемедегі уақыт: t₀ = 4 · √(1 − 0,36) = 4 · 0,8 = 3,2 жыл
3) Саяхатшының жасы: 30 + 3,2 = 33,2
Жауабы: 33,2